Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22-бабының 7-тармағына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 1 қазандағы № 341/1 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол кен орны, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ филиалы – Жаңажол мұнай-газ өңдеу кешенінің химиялық-аналитикалық зертханасы – сынақ зертханасының аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеуден бас тартылсын.
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

