Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 341 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасарының «Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы» 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 1210-ОД бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылдық округі, Ақши ауылы, «TEST INVEST» ЖШС жылжымалы сынақ зертханасы;»;
2) 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Алматы қ., «ATI Company LTD» ЖШС сынақ зертханасы»;
3) 7-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Астана қ., «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоршаған ортаның ластануына мониторинг жүргізу сынақ зертханасы»;
4) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Келесі ұйымдардың мекенжай атауының өзгеруіне байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Астана қ., «Безопасность продукции» ЖШС сынақ зертханасы;
2) Астана қ., «Безопасность продукции» ЖШС өнім мен қызметтердің сәйкестігін растау органы.».
2.«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3.«ҰАО» РМК цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

