Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 13 қазандағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 568 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«ИнДорТех» ЖШС сынақ зертханасы, Алматы қ.;
«Мұнайгазқұрылыс» дәнекерлеу және бұзбайтын бақылау департаментінің дефектоскопия сынақ зертханасы, Ақтау қ.;
«Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық зертханасының сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
«Астана-Нан» ЖШС сынақ зертханасы, Ақмола облысы, Степногорск қ.;
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қаздгидромет» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының қоршаған ортаның жай-күйін бақылаудың сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС орталық зауыт зертханасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ.
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«ТаразКонтрольПрибор» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Тараз қ.;
«Медициналық газ жүйелері» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
«АРМАН-ДВН» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Энергоуголь» өндірістік басқармасының салыстырып тексеру зертханасы;
«Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.;
«Мангистауметросервис» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Ақтау қ.
1.3 Келесі ұйымның калибрлеу тексеру зертханасы аккредиттелсін:
«Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасы, Шымкент қ.
2.Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңейтуіне байланысты:
Атырау қаласындағы «КазТурбоРемонт» сервис орталығы» ЖШС филиалының бұзбай бақылау сынақ зертханасы, Атырау қ.
2.2 Келесі аккредиттеу субъектінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және салыстырып тексеру зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«АвтоПрофи» ЖШС сынақ зертханасы, Шымкент қ.
2.3 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен жайының атауы өзгеруіне байланысты:
«ЭНЭКО» ЖШС сынақ зертханасы, Павлодар қ.
2.4 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен жайының өзгеруіне байланысты:
«MegaStandart Krg» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Қарағанды қ.
3. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармақта көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

