Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 22 бабының 7 тармағына сәйкес және 2022 жылғы қыркүйек айының 20 күнгі № 547 және № 557 аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі ұйымдарға аккредиттеу субъектісінің атауын өзгертуден бас тартылсын:
1) «Қарамұрын» кенішіндегі «жоғары технологиялар институты» ЖШС-ң «ИВТ-ЗЕРДЕ» филиалының тексеру зертханасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті.
2) «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-ң «ИВТ-ЗЕРДЕ» филиалының сынақ зертханасы Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауылы.
2. Алматы қ., «Сараптама-аудит» ЖШС-ң тексеру зертханасының аккредиттеу саласын кеңейтілуінен бас тартылсын.
3.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

