Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 31 шілдедегі №26-О хаттамасының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директордың м.а. 2026 жылғы 5 тамыздағы «Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу туралы» № 1169-ОД бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) келесі өзгеріс енгізілсін:
Бұйрықтың кіріспесінде "26-баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасымен" деген сөздер "3-1)" тармақшасының нөмірленуі "5)"деген сөзбен ауыстырылсын.
2. «ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

