«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Қазақстан Қолданбалы Экология Агенттігі» ЖШС-нің гидробиологиялық зертханасы KZ.И.02.1661аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 03 қарашадан 2021 жылғы 03 ақпанға дейін ұзартылсын.
2. Аккредиттеуден кейінгі келісімнің 8.2-тармағына сәйкес келесі аккредиттеу субъектілердің аккредиттеу аттестаттарын 2020 жылғы 03 қарашадан бастап 2020 жылғы 29 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
Нұр-Сұлтан қ., «Научно-производственное совместное предприятие «АЭТKAZ» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасы KZ.P.01.1664 аккредиттеу аттестаты;
Шымкент қ., «ШЫМКЕНТЦЕМЕНТ» АҚ-ның сынақ зертханасының KZ.И.16.0814 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 03 карашадан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

