«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 884-бабын, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне Павлодар қ., «Иртыш-Стандарт» ЖШС-ң сараптау және сертификаттау ғылыми-тәжірибелік орталығы сынақ орталығының 2019 жылдың 24 қазандағы № KZ.Т.14.0472 аккредиттеу аттестаты 2021 жылдың 09 наурызына дейін тоқтату туралы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті тиісті шаралар қабылдау үшін аккредиттеу субъектінің анықталған бұзушылықтары туралы ақпаратты аккредиттеу бойынша комиссияға жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

