«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2026 жылғы 20 тамыздан 2026 жылғы 20 қарашаға дейін ұзартылсын:
1) Атырау облысы, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» филиалының химиялық сынақ зертханасының № KZ.T.06.E0449 аккредиттеу аттестаты;
2) Шымкент қ., «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» ШЖҚ РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.16.E0421 аккредиттеу аттестаты;
3) Семей қ., Үржар а., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Абай облыстық филиалының сынақ зертханасының және Үржар аудандық ветеринариялық зертханасының № KZ.T.07.E0420 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы қ., «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің сынақ зертханасының № KZ.T.02.E0426 аккредиттеу аттестаты;
5) Орал қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан облыстық филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.09.E0423 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 20 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға таралады.
