«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 18 қыркүйектен 2024 жылғы 18 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) Алматы қ., «ТДА СЕРВИС» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.02.1505 аккредиттеу аттестаты;
2) Ақтөбе қ., «Парасат 2050» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.05.1525 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Н. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

