Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2024 жылғы қыркүйек айының 24 күнгі № 246 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау қ. Атырау филиалының «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ сынақ орталығының 18.06.2019 жылы берілген № KZ.T.06.0424 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «018 ТР ТС» бойынша аккредиттеу саласының бөлігін қайта жаңғартудан бас тартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

