Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 15 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 563 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ІЅО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық ревматологиялық орталық» МКК, Алматы қ. аккредиттелсін.
2.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Сапалы зерт» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Шымкент қ.;
2) «АЗА» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Павлодар қ.;
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «ПАВЛОДАРЖОЛДАРЫ» ЖШС-ң сынақ зертханасына, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Кенжекөл ауылы аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
4. Мекен жай атауының өзгеруіне байланысты «Алға тексеру зертханасы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасына, Шымкент қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

