Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2026 жылғы 13 тамыздағы №38 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Астана қ., «КЗ Сапа зертханасы» ЖШС жылжымалы (мобильді) сынақ зертханасы;
2) Көкшетау қ., «Центр Экспертизы «Пробирная палата»» ЖШС сынақ зертханасы;
3) Қарағанды қ., «Central Testing Lab» ЖШС стационарлық және мобильді (жылжымалы) сынақ зертханасы;
4) Павлодар қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалының сынақ орталығы;
5) Теміртау қ., «Qarmet» АҚ өлшем бірлігін қамтамасыз ету және метрология цехының калибрлеу зертханасы;
2. Астана қ., «АБ Транссервис-LTD» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты 2023 жылғы 28 шілдедегі № KZ.P.01.1419 аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін:
1) Орал қ., «БИООРТА» ЖШС сынақ зертханасының 2022 жылғы 04 қазандағы № KZ.T.09.E1324 аккредиттеу аттестаты;
2) Ақтөбе қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша филиалы сынақ орталығының 2024 жылғы 18 қарашадағы № KZ.T.05.0294 аккредиттеу аттестаты.
4. Ақтөбе қ., «ПЦ Межлабораторные сличения» ЖШС біліктілікті тексеру провайдерінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № KZ.C.05.2780 аккредиттеу аттестаты «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеру провайдерлерінің құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ISO/IEC 17043-2025 стандартына көшуге байланысты қайта рәсімделсін.
5. Атырау қ., «Kaspisert» ЖШС сынақ зертханасының заңды мекенжайының өзгеруі бөлігінде 2026 жылғы 04 мамырдағы № KZ.T.06.3077 аккредиттеу аттестатына Қазақстан Республикасының Аккредиттеу субъектілері тізіліміне өзгерістер енгізілсін, жаңа заңды мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Атырау шағын ауданы, 89А үй, 89.
6. ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізімнің ұлттық бөлігіне келесі төменде көрсетілген аккредиттелген субъекттері еңгізілсін:
1) Павлодар қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Павлодар филиалының сынақ орталығы;
2) Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ.; Алматы қ., «АЛЬТАИР-Б» ЖШС сынақ зертханасы (2022 жылғы 31 тамыздағы № KZ.T.04.E1277 аккредиттеу аттестаты);
3) Алматы қ., «Lion TECHNOLOGY» ЖШС сынақ зертханасы (2024 жылғы 22 шілдедегі № KZ.T.02.2725 аккредиттеу аттестаты)
7. «ҰАО» РМК-ның Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1, 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен постаккредиттеу шарттарын жасасын.
8. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
9. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 7-тармағын аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 8 және 9- тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

