«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ Бас директорының Бірінші орынбасарының «Аккредиттеу, аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу және ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіне енгізу туралы» 2026 жылғы 16 шілдедегі № 1058-ОД бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2026 жылғы 13 шілдедегі № 32 хаттамасының 20-тармағы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының Бірінші орынбасарының «Аккредиттеу, аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу және ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіне енгізу туралы» 2026 жылғы 16 шілдедегі № 1058-ОД бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
-
1) Тармақтың 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, С. Нұрмағамбетов көшесі, 176, «Научно-производственный центр агроинженерии» ЖШС Ақкөл филиалы сынақ зертханасының 2026 жылғы 14 қаңтардағы № KZ.T.03.0670 аккредиттеу аттестаты жаңа атауына: «Научно-производственный центр машиностроения» ЖШС Ақкөл филиалының сынақ зертханасы,»
2. «ҰАО» РМК Мониторинг және талдау басқармасы тиісті ақпаратты ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіне енгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

