«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 884-бабын, «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 26-бабының 7-тармағын басшылыққа ала отырып,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мониторингтеу және талдау департаментіне Нұр-Султан қ., «Казпром Серт» сынақ орталығы 2017 жылдың 17 сәуірдегі № KZ.Т.01.1864 аккредиттеу аттестаты қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» 018/2011 КО ТР бойынша бірлі-жарым көлік құралдарына көлік құралы конструкциясының қауіпсіздік куәліктерін беру жөніндегі оның сынақ орталығын аккредиттеу саласы бөлігінде 2021 жылдың 11 сәуіріне дейін тоқтату туралы сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ң веб-сайтына орналастырсын.
2. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті тиісті шаралар қабылдау үшін аккредиттеу субъектінің анықталған бұзушылықтары туралы ақпаратты аккредиттеу бойынша комиссияға жіберсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

