Аккредиттеу жөніндегі Комиссия отырысының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 114 хаттамасына өзгерістер енгізу негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС Бас директорының 2021 жылғы 5 қантарда № 02-ОД бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
2.3 тармақтағы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан метрология институты» (ҚазМетрИн) ШЖҚ РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасы атауы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша калибрлеу зертханасы атауына өзгертілсін.
2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

