Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «СП «Поток-К» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2022 жылғы 25 шілдегі № KZ.P.04.E1209 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. «Zhetysu Service Partners» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2022 жылғы 29 наурыздағы KZ.P.02.E0898 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
3. Аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтына орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары Е.Ж. Қарасаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

