Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы 29 қантардағы № 18-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Тараз қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген № KZ.О.01.0317 (№1 қосымшасымен) аккредиттеу аттестатын Жамбыл филиалының қызметі бөлігі бойынша қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

