Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 35-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Атырау филиалы салыстырып тексеру зертханасының 2024 жылғы 7 ақпандағы № KZ.P.06.0205 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын «01, 02, 04, 07» өлшем түрлері бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

