«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 18 қыркүйектен 2024 жылғы 18 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) Атырау қ., «Атырау жолдары» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.06.2263 аккредиттеу аттестаты;
2) Павлодар қ., «Гринпром-ПВ» ЖШС калибрлеу зертханасының № KZ.K.14.2264 аккредиттеу аттестаты;
3) «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Қарағанды мен Ұлытау облыстары бойынша филиалының Қарағанды қаласы және Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы қоршаған ортаның ластану жағдайын бақылау кешенді зертханасының № KZ.T.10.0436 аккредиттеу аттестаты;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының медициналық зертханасының № KZ.M.10.2266 аккредиттеу аттестаты;
5) Ақтөбе қ., «Global Standart Inc» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.05.2265 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Н. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

