«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының м.а. «Аккредиттеу, аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу және ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіне енгізу туралы» 2026 жылғы 5 тамыздағы № 1172-ОД бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2026 жылғы 31 шілдедегі № 37 хаттамасының 5, 8-тармақтары негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК Бас директорының м.а. «Аккредиттеу, аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу және ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіне енгізу туралы» 2026 жылғы 5 тамыздағы № 1172-ОД бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2. Бұйрықтың орыс тіліндегі мәтінінде 5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «ПромКазКонтроль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сынақ зертханасының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № KZ.T.05.E1476 аккредиттеу аттестаты жаңа нақты орналасқан мекенжайына байланысты: Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Ш. Қалдаяқов көшесі, 5Г үй, 53 тұрғын емес үй-жай;».
3. Бұйрықтың қазақ тіліндегі мәтінінде 7, 8 және 9-тармақтардағы «ҰҚО» сөздері «ҰАО» сөздерімен ауыстырылсын.
4. Бұйрықтың қазақ тіліндегі мәтінінде 5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Төле би көшесі, 302Б үй, «Birlik» бизнес-орталығы, 19-кабинет, жаңа нақты мекенжайына ауысуына байланысты «QS Алатау Серт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының 30.06.2021 жылғы № KZ.Q.02.E0370 аккредиттеу аттестаттары қайта ресімделсін.»
5. «ҰАО» РМК Мониторинг және талдау басқармасы тиісті ақпаратты ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіне енгізсін.
6. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК Бас директорының орынбасары А.О. Мамбетаевқа жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
