Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 10 қазандағы № 273 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Қарағанды қ., «НПО Дефектоскопия» ЖШС-ң инспекциялық органы аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ISO 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар», талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың медициналық зертханалары аккредиттелсін:
1) Ақтөбе қ., «КДЛ ОЛИМП» ЖШС-ң Ақтөбе филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы;
2) Талдықорған қ., Жетісу облысы «ОЛИМП» ЖШС филиалының «ОЛИМП» клиникалық-диагностикалық зертханасының медициналық зертханасы.
3. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Сәйкестікті бағалау. Өнімді, процестерді және қызметтерді сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Алматы қ., «НурАс-ПРО» ЖШС-ң өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
4. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Орал қ., «ЦКДС-ЗКО» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Алматы қ., «Certauto» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
3) Шымкент қ. «ЗерттеуНысанМонтаж» ЖШС-ң құрылыс материалдары мен конструкцияларын сынақ зертханасы;
4) Өскемен қ., «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан және Абай облыстары бойынша филиалының қоршаған ортаның жай-күйін мониторингілеудің кешенді зертханасы;
5) Атырау қ. «Атырау сертификаттау сынақ компаниясы - материалдар құрылысы» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
6) Алматы қ. «НурАс-ПРО» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Шымкент қ., «BUILDING+» ЖШС-ң сынақ зертханасының;
2) Тараз қ., Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының табиғи ортаның ластануын мониторингтеу сынақ зертханасының;
3) Алматы қ. «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ «Пробирная палата» филиалының сынақ зертханасының;
6. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы бойынша филиалының қоршаған ортаның жай-күйін мониторингілеудің кешенді зертханасынан / Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы бойынша филиалының қоршаған ортаның жай-күйін мониторингілеудің кешенді зертханасына;
2) Хромтау қ., «Қашаған құрылыс бірлестігі» ЖШС-ң стационарлық құрылыс зертханасының сынақ зертханасынан / Хромтау қ., «Қашаған құрылыс бірлестігі» ЖШС мобильді құрылыс зертханасының сынақ зертханасына;
7. ҚР СТ 3049-2017 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі. Қолдану талаптары мен нұсқаулығы» талапатрынан ҚР СТ ISO 37001 «Парақорлыққа қарсы басқару жүйелері. Талаптар және пайдалану жөніндегі нұсқаулық» талаптарына нормативтік құжаттың атауының өзгеруіне байланысты Астана қ., «Certexaudit» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу аттестатын қайта ресімделсін.
8. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың
1, 2, 3, және 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Карасаев Е. Ж. жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

