«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.19 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2020 жылғы 27 қазаннан 2021 жылғы 27 қаңтарға дейін ұзартылсын:
Өскемен қ., "Өзен" ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының KZ.П.07.0876 аккредиттеу аттестаты;
Өскемен қ., "Өзен" ЖШС-нің калибрлеу зертханасының KZ.К.07.0880 аккредиттеу аттестаты;
Павлодар қ., "ПавлодарЭнергоСервис" ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасынаң KZ.П.14.0901 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. Аккредиттеу туралы куәліктердің қолданылу мерзімін аккредиттеуден кейінгі келісімнің 8.2-тармағына сәйкес келесі аккредиттеу субъектілерінің 2020 жылғы 27 қазаннан бастап 2020 жылғы 22 желтоқсанға дейін ұзартыңыз:
Ақтөбе қ., "Лидер-Консалтинг-Групп" ЖШС-нің сынақ зерханасының KZ.T.05.1654 аккредиттеу аттестаты;
Ақтау қ., "MAG-Pi Inspection" (МАГ- Пи Инспекшн)" ЖШС-нің жылжымалы сынақ зертханасының KZ.T.13.0728 аккредиттеу аттестаты;
Астана қ., «Олимп Серт» ЖШС-нің менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының KZ.Q.01.0041 аккредиттеу аттестаты;
Өскемен қ., "ИСПЫТАТЕЛЬ ДСМ" ЖШС-нің сынақ зертханасының KZ.T.07.0790 аккредиттеу аттестаты;
Талдықорған қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Талдықорған филиалының салыстырып тексеру және метрологиялық өлшемдер бөлімінің KZ.P.04.0775 аккредиттеу аттестаты;
Шымкент қ., "Мұнай Automatic" өндірістік кооперативінің салыстырып тексеру зертханасы KZ.П.16.0777 аккредиттеу аттестаты;
Шымкент қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан филиалының салыстырып тексеру зертханасы KZ.П.16.0789 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
3. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 27 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

