Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2023 жылғы 10 қаңтардағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 1 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы, Атырау қ.;
2) «МЕДТЕХНИКА-ПВ» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Павлодар қ.;
3) «АЛСЕР ЛТД» ЖШС-ң сынақ орталығы, Атырау қ.;
4) «Ecologic Lab» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қарағанды қ.;
5) «Жеңіс» фирмасы ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
6) «Өнеркәсіптегі қауіпсіздік ғылыми-инженерлік орталығы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
7) «Integra Construction KZ» ЖШС филиалының сынақ зертханасы – «Солтүстік дирекция», Павлодар қ.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Жарық-аудит» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
2) ҚР ДСМ Ақтөбе облысы бойынша КСЭК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы, Ақтөбе қ.;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының Нұр-сұлтан қаласы бойынша сынақ орталығы, Астана қ.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Т-Стандарт» ЖШС-ң сертификаттау сынақ орталығының сынақ орталығы, Алматы қ. (өтінім нөмірі: 04-2022-05-1139);
2) «Т-Стандарт» ЖШС-ң сертификаттау сынақ орталығының сынақ орталығы, Алматы қ. (өтінім нөмірі: 04-2022-05-1189);
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы, Қарағанды қ.
4. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Батыс Қазақстан "КДЛ ОЛИМП" ЖШС филиалының медициналық зертханасы , Орал қ.;
2) Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ зертханасы, Алматы қ.;
3) «ART Ecology» ЖШС-ң парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы, Астана қ.
5. Мекенжай атауының өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің Шаң-газ зертханасы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалының – «Жезқазғанцветмет» өндірістік бірлестігі сынақ зертханасы, Жезқазған қ.;
2) Агрохимиялық, топырақты зерттеу және кешенді-іздестіру жұмыстары департаменті – Алматы қаласындағы филиалы «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.
6. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
7. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Айтышев М.К. жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

