«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына және «Актан-проект» ЖШС-мен жасасқан 2023 жылғы 23 қаңтардың № 323 П- пост аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу туралы 2025 жылғы 4 ақпандағы № 4 келісімге сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Актан-проект» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының 2023 жылғы 23 қаңтардың № KZ.P.06.2455 аккредиттеу аттестатының қолданылуы тоқтатылсын.
2. Экономика, жоспарлау және ішкі аудит басқармасы үш жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жазбаша хабардар етсін.
3. Мониторингтеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін.
4. Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК веб-сайтында орналастырсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Бас директордың орынбасары А. М. Хасеновке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

