Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 08 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 560 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ІЅО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес «МЫРЗА-ХАН» ЖШС Павлодар филиалының медициналық зертханасы, Павлодар қ. аккредиттелсін.
2. ҚР СТ ISO 14065-2016 «Парниктік газдар. Аккредиттеу немесе танудың басқа да нысандары үшін қолданылатын парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органдарға қойылатын талаптар» » талаптарына сәйкес «Eneco Solutions» ЖШС-ң, парниктік газдарды валидациялау және верификациялау жөніндегі органы Орал қ. аккредиттелсін.
3.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Логистика және көлік академиясы» АҚ-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «өсімдіктер карантині республикалық орталығы» мемлекеттік мекемесінің филиалы, Шығыс Қазақстан аймақтық карантиндік зертханасының сынақ зертханасы, Семей қ.;
3) «Алматы-Стандарт-Ақтау филиалы» ЖШС-ң сынақ орталығы, Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Өмірзақ ауылы;
4) «Сарыарқа «Құрылыс Корпорациясы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қ.;
5) «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ң сынақ зертханасы, Өскемен қ.;
6) «KazCert International» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы;
7) «Альянс Строй Сервис Лтд» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.;
4. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты «Жобаларды сараптау ұлттық орталығы» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-Сұлтан қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
5. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Павлодар филиалының сынақ орталығы, Павлодар қ.;
2) «Фирма Торговая палата» ЖШС-ң өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган, Нұр-сұлтан қ.;
3) «ТРАНСКОМНОРДЭНЕРГО» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Степногорск қ.;
4) «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ-ң Қостанай филиалының сынақ орталығы, Қостанай қ.
6. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «Фитохимия «халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» АҚ сынақ зертханасы, Қарағанды қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
7. Мекен жай атауының өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.;
2) «Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша экология департаменті» РММ-ң сынақ зертханасы Талдықорған қ.
8. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1, 2 және 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
9. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

