«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 13 қыркүйектен 2022 жылғы 13 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) Нұр-Сұлтан қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалының калибрлеу зертханасының № KZ.K.01.1931 аккредиттеу аттестаты;
2) Көкшетау қ., «Инновационный Энергоцентр» ЖШС калибрлеу зертханасының № KZ.K.03.1932 аккредиттеу аттестаты;
3) Көкшетау қ., «Инновационный Энергоцентр» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.03.1319 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

