Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комисиясының 2020 жылғы қазан айының 15 күнгі № 92-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Атырау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Атырау филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген №1Қосымша / №КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының құрылыс өнімдерінің сәйкестігін растау бойынша уақытша жарамсыз бөлігі қайта жаңғыртылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

