«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Центр стандартизации и сертификации» ЖШС сынақ орталығының 2019 жылғы 11 қыркүйектегі № KZ.T.02.1020 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 11 қыркүйектен 2024 жылғы 11 желтоқсанға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Н. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 11 қыркүйектен бастап туындайтын қатынастарға таралады.

