Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 11 қыркүйектен 2024 жылғы 11 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) Қарағанды қ., «Биосфера Казахстан» Ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС атмосфералық ауаны және атмосфераға шығарылатын өнеркәсіптік шығындарды сынау зертханасының № KZ.T.10.0323 аккредиттеу аттестаты;
2) Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының тамақ өнімдерінің сынақ зертханасының № KZ.T.02.0460 аккредиттеу аттестаты;
3) Қарағанды қ., «Компания комплексной экспертизы» ЖШС «Инжиниринг, техникалық қадағалау, тексеру және өнеркәсіптік қауіпсіздік» инспекциялық органның № KZ.I.10.2258 аккредиттеу аттестаты;
4) Қарағанды қ., «Techservice 2006» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.10.1522 аккредиттеу аттестаты;
5) Шымкент қ., «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.16.0486 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Н. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

