Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының
5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының сынақ зертханасының 2018 жылдың 29 маусымдағы № KZ.T.03.1387 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. «CASPI BITUM» бірлескен кәсіпорны» ЖШС сынақ зертханасының 18 қыркүйектегі 2018 жылғы берілген KZ.T.13.2129 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
3. «ЗИКСТО» АҚ калибрлеу зертханасының 2020 жылдың 09 қарашадағы № KZ.К.15.0617 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
4. «ИСТ-ЭКО» ЖШС сынақ зертханасының (стационарлық және жылжымалы) 2018 жылдың 22 қазандағы № KZ.Т.05.0302 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
5. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» веб-сайтына орналастырсын.
6. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1 - 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі:
1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК Ақмола облысы бойынша филиалының сынақ зертханасымен 2021 жылғы 28 қыркүйектегі аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу туралы келісім.
2. «CASPI BITUM» бірлескен кәсіпорны» ЖШС сынақ зертханасымен 2021 жылғы 28 қыркүйектегі аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу туралы келісім.
3. «ЗИКСТО» АҚ калибрлеу зертханасымен 2021 жылғы 28 қыркүйектегі аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу туралы келісім.
4. «ИСТ-ЭКО» ЖШС сынақ зертханасымен 2021 жылғы 28 қыркүйектегі аккредиттеуден кейінгі шартты бұзу туралы келісім.

