Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) 2024 жылғы 11 қырқүйектегі № 223 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17020-2013 «Сәйкестікті бағалау. Инспекция жүргізетін органдардың әртүрлі түрлерінің жұмысына қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Қарағанды қ., «Q-Inspection» ЖШС-ң инспекциялық органы аккредиттелсін.
2. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Атырау қ., «Поверитель НК» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Қостанай қ., «Medi TEC-NS» ЖШС-ң Қостанай филиалының сынақ зертханасы;
3) Тараз қ., «Экологический центр инновации и реинжиниринга» сынақ зертханасы;
4) Екібастұз қ., Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің
«Горводоканал» МКК тазарту су құбыры құрылыстарының химиялық зертханасы;
5) Екібастұз қ., Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің
«Горводоканал» МКК тазарту кәріз құрылыстарының химиялық зертханасы;
6) Ақтау қ., «Standart-KAZ» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ., «KAZAUTOCERT» ЖШС-ң өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Астана қ., «Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ-ң «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталығының сынақ зертханасының;
3) Аягөз қ., «Қамқор Вагон» ЖШС «Аякөз вагон жөндеу депосы» филиалының бұзбайтын бақылау цехының сынақ зертханасының (сынақ зертханасы).
4. Аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Алматы қ., «Орда Серт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Астана қ., «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ң Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының сынақ орталығының;
3) Астана қ., «TEAM EXPERT SM» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның.
5. Аккредиттеу субъектісінің мекенжай атауының өзгеруіне байланысты Екібастұз қ., «Теміржол көлігіндегі қазақстандық сертификаттау орталығы» ЖШС-ң сынақ орталығының аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
6. ҚР СТ ISO 22003-1-2023 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі 1-бөлім Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелеріне аудитті және сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» стандартына өтуіне байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) Астана қ., «Столичный центр качества и метрологии» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның;
2) Астана қ., «Каз Серт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органның.
7. «ҰАО» РМҚ Құқықтық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. «ҰАО» РМҚ Талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты орналастырсын.
9. «ҰАО» РМҚ Цифрландыру департаменті осы бұйрықты интернет- ресурста орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Н.Т. Шоқбарбаевқа жүктелсін.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

