Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және
2021 жылғы 30 қыркүйектегі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 528 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
«Baltic Сontrol KZ Сertification» /Балтик Контрол КЗ Сертификейшн/ ЖШС филиалының сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
«Kamkor Service» ЖШС сынақ зертханасы, Нұр-Сұлтан қ.;
«Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылумен, сумен жабдықтау зауытының № 2 цех өндірісін химиялық-бактериологиялық бақылау жөніндегі зертханасы, Ақтау қ.;
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
«КРАМДС-IMT» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Өскемен қ.;
«Казпромавтоматика» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы, Ақтау қ.;
1.3 Келесі ұйымның калибрлеу тексеру зертханаласы аккредиттелсін:
«Казпромавтоматика» ЖШС калибрлеу зертханасы, Ақтау қ.;
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңейтуіне байланысты:
«NewSurvey Kz» (НьюСюрвей Кз) ЖШС сынақ зертханасы, Көкшетау қ.;
2.2 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
«Казахстанский центр метрологии» ЖШС Атырау қаласындағы филиалының салыстырып тексеру зертханасы, Атырау қ.;
2.3 Келесі аккредиттеу субъектісінің ҚР СТ ISO/IEC 17021-2-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар. 2 бөлім. Қоршаған орта менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» және ҚР СТ ISO/IEC 17021-3-2019 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар.3 бөлім. Сапа менеджменті жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізу үшін құзыреттілігіне қойылатын талаптар» стандарттардың талаптарына сәйкес нұсқасына көшуі назарға алынсын:
«Prime Cert» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Қарағанды қ.;
2.4 Келесі аккредиттеу субъектінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және салыстырып тексеру зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
«ЭкоНорматив» ЖШС сынақ зертханасы, Атырау қ.;
«Метрологический центр Актобе» салыстырып тексеру зертханасы, Ақтөбе қ.;
2.5 Келесі аккредиттеу субъектінің атауының өзгеруіне байланысты:
«Жоғарғы технологиялар институты» ЖШС «ЖТИ-ЗЕРДЕ» филиалының орталық сынақ зертханасы Түркістан облысы, Сызған ауылы атауы, Таукент кентіндегі «Жоғары технологиялар институты» ЖШС «ЖТИ-ЗЕРДЕ» филиалының дайын өнімді сертификаттау орталығы Түркістан облысы, Сызған ауылы атауына өзгеруіне байланысты;
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сапаны бақылау және технологиялық процестерді инспекциялау департаментінің «Метрология және өлшеу құралдарын инспекциялау» мамандандырылған кәсіпорнының өлшеу құралдарына қызмет көрсету және жөндеу бойынша Жезқазған цехының салыстырып тексеру зертханасы атауы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Сапа қызметінің «Метрология және өлшеу құралдарын инспекциялау» мамандандырылған кәсіпорнының Жезқазған аймақтық басқармасының Жезқазған аймағының өлшеу құралдары цехының өлшеу құралдарын тексеру зертханасы атауына өзгеруіне байланысты;
«QC Laboratory» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ. атауы «Испытательная лаборатория «СТРОЙЭКСПЕРТ» ЖШС сынақ зертханасы, Қарағанды қ. атауына өзгеруіне байланысты;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Семей қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Семей қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы атауына өзгеруіне байланысты;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы орталығы атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Павлодар облысы бойынша филиалының медициналық зертханасы орталығы атауына өзгеруіне байланысты;
2.6 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен жайының атауы өзгеруіне байланысты:
«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
«Промсанитария-ПВ» ЖШС өнеркәсіптік-санитарлық зертханасы, Павлодар қ.
3. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармақта көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

