Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2026 жылғы 29 шілдедегі № 25-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Алматы қ., «ALLIANCE LCC» ЖШС сынақ зертханасының 2024 жылғы 05 қарашадағы № KZ.T.02.2778 аккредиттеу аттестаты кері қайтарып алынсын.
-
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы аккредиттеу аттестатының күшін жою туралы шешімнің көшірмесін жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектіне жіберсін.
-
Осы бұйрықтың 2-3-тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын, 4-тармағының орындалуын бақылау аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

