«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Орал қаласы, «Munai Gas Engineering» ЖШС калибрлеу зертханасының № KZ.K.09.2139 аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі 2023 жылғы 4 қазаннан 2024 жылғы 4 қаңтарға дейін ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

