Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №340 хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Семей қ., «NLC-Lab» ЖШС сынақ зертханасы;
2) Орал қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалының калибрлеу зертханасы;
3) Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Теңіз вахталық кенті, «Новус Болашақ» ЖШС калибрлеу зертханасы;
4) Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жаңа Теңіз вахталық кенті, «Новус Болашақ» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
5) Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қ., «Казахский газоперерабатывающий завод» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
6) Қостанай облысы, Рудный қ., «Спецтехцентр-2020» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
7) Қостанай қ., ҚР ЭТРМ ЭРБК «Қостанай облысы бойынша Экология департаменті» РММ зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
8) Алматы қ., «Производственная фирма «Взлет-Казахстан»» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
9) Алматы қ., «Республиканский научно-производственный и информационный центр «Казэкология»» ЖШС сынақ зертханасы;
10) Алматы қ., «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ «Сынамалық палата» филиалының сынақ зертханасы.
2. Келесі талаптарға сәйкес аккредиттелсін: «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелерін аудит жүргізетін және сертификаттайтын органдарға қойылатын талаптар» СТ РК ISO/IEC 17021-1-2015, «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелерін аудит және сертификаттауды қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар. 2-бөлім. Экологиялық менеджмент жүйелерін аудит және сертификаттау үшін персоналдың құзыреттілігіне қойылатын талаптар» СТ РК ISO/IEC 17021-2-2019, «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелерін аудит және сертификаттауды жүргізуді қамтамасыз ететін органдарға қойылатын талаптар. 3-бөлім. Сапа менеджменті жүйелерін аудит және сертификаттау үшін құзыреттілікке қойылатын талаптар» СТ РК ISO/IEC 17021-3-2019, «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелерін аудит жүргізетін және сертификаттайтын органдарға қойылатын талаптар. 10-бөлім. Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйелерін аудит және сертификаттау үшін құзыреттілікке қойылатын талаптар» СТ РК ISO/IEC TS 17021-10-2019, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі. 1-бөлім. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйелерін аудит және сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын талаптар» СТ РК ISO 22003-1-2023:
- Қарағанды қ., «Smart Cert» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау органы.
3. «Сәйкестікті бағалау. Персоналды сертификаттауды жүзеге асыратын органдарға қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 талаптарына сәйкес аккредиттелсін:
- Қарағанды қ., «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ персоналдың сәйкестігін растау органы.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
1) Ақмола облысы, Степногорск қ., «ТРАНСКОМНОРДЭНЕРГО» ЖШС салыстырып тексеру зертханасы;
2) Шымкент қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті филиалының Шымкент қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы.
5. Тепло KZ ЖШС Астана қ., салыстырып тексеру зертханасының аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
6. «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» СТ РК ISO 15189-2023 стандартына көшуге байланысты Ақтау қ., «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының медициналық зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
7. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадр жұмысы басқармасы осы бұйрықтың 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі шарттар жасассын.
8. «ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізілсін.
9. «ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК-ның интернет-ресурсында орналастырсын.
10. Осы бұйрықтың 7-тармағының орындалуын бақылау аппарат басшысы М.Б. Копабаевқа, осы бұйрықтың 8 және 9-тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

