Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қазан айының 20 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 93 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
1.1 Теміртау қ., «Теміртау электрметаллургиялық комбинаты» АҚ-ң орталық зауыт зертханасының сынақ зертханасы аккредиттелсін;
1.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Өскемен қ., «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ-ң «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Нұр-Сұлтан қ., «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Павлода қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Павлодар филиалының салыстырып тексеру зертханасы;
Жаңаөзен қ., «Қазақ газ өндеу зауыты» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
2.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Павлодар қ., «ЭкоМетр» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Өскемен қ., «Полисертико» ЖШС-ң өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
2.2 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
Ақтау қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Маңғыстау филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
2.3 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне және атауының өзгеруіне байланысты:
Қарағанды облысы, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ң Сапаны бақылау және технологиялық процестерді инспекциялау департаментінің Есепке алу жүйесін инспекциялау және аналитикалық бақылау басқармасының Нүрқазған байыту фабрикасының химиялық зертханасы атауы Қарағанды облысы, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-ң Нүрқазған байыту фабрикасының химиялық зертханасы атауына өзгеруіне байланысты.
3. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
4. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

