Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 34-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. «Фирма Торговая палата» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Астана қ., сынақ орталығының 2020 жылғы 21 тамыздағы № KZ.T.01.0835 аккредиттеу аттестатына қосымша болып табылатын аккредиттеу саласының бөлігі өнім түрлері бойынша: керамикалық плитка, арматуралық прокат, шағыл тас, шыны талшықты маталар, минералды мақтамен үш қабатты панельдер, ПВХ плиткалар, тікбұрышты және төртбұрышты қималы құбырлар, жол су өткізгіш құбырлары, ТР ТС 005/2011, ТР ТС 017/2011, ТР ТС 037 уақытша жарамсыз деп танылсын.
«ҰАО» РМК-ң мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
3. «ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
4. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілеріне хабардар етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

