Аккредиттеу аттестаттардың қолданылу мерзімін ұзартуды аккредиттеуден кейінгі келісімнің 8.2-тармағына сәйкес: БҰЙЫРАМЫН:
1.Келесі аккредиттеу субъектілерінің 2020 жылғы 20 қазаннан бастап 2020 жылғы 15 желтоқсанға дейін аккредиттеу аттестаттардың қолданылу мерзімі ұзартыңыз:
Ақтөбе қ., «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің зертханалық-аналитикалық бақылау бөлімінің сынақ зертханасының KZ.T.05.0764 аккредиттеу аттестаты;
Алматы облысы, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Талдықорған өңірлік филиалының сынақ зертханасы және құрылымдық бөлімшесі - Панфилов аудандық ветеринариялық зертханасының KZ.T.04.0828 аккредиттеу аттестаты;
Петропавл қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ орталығы KZ.T.15.0798 аккредиттеу аттестаты;
Ақтөбе облысы, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ филиалы «Октябрьмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының салыстырып тексеру зертханасының KZ.П.05.0842 аккредиттеу аттестаты;
Павлодар қ., «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ орталық зауыт зертханасы-техникалық бақылау бөлімінің КZ.И.14.0762 аккредиттеу аттестаты ұзартылсын.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бас директордың орынбасары Қ.Тайжановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 20 қазаннан бастап туындайтын қатынастарға таралады.

