Аккредиттеу алдыңғы шартты жасаспағандықтан және «МЖ. Аккредитация процессі. Өтінімдерді қарастыру және ресурстардың анализі» ЖН-ның 6.4. тармағының 6.4.3. тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі өтініш берушілердің аккредиттеуге (қайта аккредиттеуге) өтінімдердің күші жойылсын:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ РМК-ң Қостанай облысы бойынша филиалының Лисаковск қалалық бөлімшесі (сынақ орталығы ретінде 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 3227-НЦА аккредиттеуге өтініш);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ РМК-ң Қостанай облысы бойынша филиалының Рудный қалалық бөлімшесі (сынақ орталығы ретінде 2020 жылғы 14 мамырдағы № 4197-НЦА аккредиттеуге өтініш);
- «Real Way» ЖШС (сынақ зертханасы ретінде 2020 жылғы 21 мамырдағы № 4446-НЦА қайта аккредиттеуге өтініш);
- «Қамкор Локомотив» ЖШС «Ақтөбе локомотив жөндеу депосы» филиалы (салыстырып тексеру зертханасы ретінде 2020 жылғы
22 маусымдағы № 5603-НЦА қайта аккредиттеуге өтініш).
2. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы, осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген, өтініш берушілерді хабардар етсін.
3. Қызметкерлерді дамыту департаменті электрондық құжат айналымға сәйкесінше жазба енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауың Бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

