«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2025 жылғы 3 ақпаннан 2025 жылғы 3 мамырға дейін ұзартылсын:
1) Ақтау қ., «Buzachi Operating Ltd» компаниясы филиалының сынақ зертханасының № KZ.T.13.1543 аккредиттеу аттестаты;
2) Астана қ., «Фирма «Жаңабет» ЖШС өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органның № KZ.О.01.0628 аккредиттеу аттестаты;
3) Алматы қ., «Учебно-сертификационный центр КазАТО» ЖШС салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.02.0477 аккредиттеу аттестаты;
4) Алматы облысы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «906-шы өлшеу техникасы базасы» РММ салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.02.0636 аккредиттеу аттестаты;
5) Ақтөбе қ., «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ «Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалының өлшеу жүйесі мен метрология қызметінің салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.05.0298 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторинглеу және талдау басқармасы тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директордың бірінші орынбасары Е. Қарасаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

