«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағының және 22.08.2019 жылы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен бекітілген РИ 03-07.29 «МЖ. Аккредиттеу процесі. Аккредиттеу материалдарын қарастыру тәртібі, шешім қабылдау және аккредиттеу аттестатын беру» 8.1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап 2021 жылғы
28 желтоқсанға дейін ұзартылсын;
Ақтау қ. «Шам-Шырақ» оқу-өндірістік орталығы» ЖШС-ның сынақ зертханасының KZ.T.13.1786 аккредиттеу аттестаты;
Өскемен қ. «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС-ның салыстырып тексеру зертханасының KZ.П.07.1789 аккредиттеу аттестаты;
Қарағанды қ. «Казахстанский Институт Содействия Промышленности» ЖШС-ның сынақ зертханасының KZ.T.10.1788 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС (одан әрі – ҰАО) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, ҰАО веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші бас директордың орынбасары Е. Мұхтарға жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

