Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 31 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 536 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы, Петропавл қ.;
2) «АЛЬТАИР-Б» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қ.;
3) «Казцентрналадка» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қарағанды қ.
2. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «ECO AIR» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.;
2) «M-Company KZ» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы, Нұр-Сұлтан қ.;
3) «Проливная Система» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ.
3. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «ECO AIR» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Атырау қ.;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының сынақ орталығы Ақмола облысы, Көкшетау қ.;
3) «Callab» ЖШС-ң калибрлеу зертханасы , Нұр-Сұлтан қ.;
4) «Callab» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Нұр-сұлтан қ.
4. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
5. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

