Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2022 жылғы 24 тамыздағы аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 529 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР СТ ІЅО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медициналық зертаханасы , Қостанай қ. аккредиттелсін.
2.ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) «Agro FACT агрохимиялық компаниясы» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Қостанай қ.;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының сынақ зертханасы, Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов;
3) «КАЗГИДРО» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.;
4) «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-ң сынақ орталығы, Алматы қ.;
5) «Қазтурбожөндеу» сервистік орталығы» ЖШС-ң Атырау қаласындағы филиалының сынақ зертханасы, Атырау қ.;
6) «Еңбекгруппсервис» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
3. Орналасқан жерінің өзгеруіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «HSE service» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
2) «CemEX Engineering» (цемент Инжиниринг) ЖШС-ң сынақ зертханасы, Алматы қ.
4. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
1) «HSE service» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Орал қ.;
2) Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ң Атырау облысы бойынша филиалының сынақ зертханасы, Атырау қ.;
3) «STEP-MS» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Ақтөбе қ.;
5. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты «МСС-КИП Автоматика» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы, Алматы қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін:
6. Мекен жай атауының өзгеруіне байланысты «Ай-Ар» ЖШС-ң сынақ зертханасы, Семей қ. аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
7. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – Ұлттык аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 және 2 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
8. Ұлттык аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМҚ-ның Бас директорының орынбасары Мұхтар Е.С. жүктелсін.
10. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

