Қазақстан Республиқасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес және 2020 жылғы қазан айының 15 күнгі аккредиттеу материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының № 91 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ИСО/ХӘК 17025-2009 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
Қарағанды облысы, «Kazakhmys Energy» (Казахмыс Энерджи) ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
2. ГОСТ ISO/IEC 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
Нұр-Султан қ., «TNG Group» ЖШС-ң біліктілікті тексеру провайдері;
3. ҚР СТ ISO/IEC 17021-1-2015 «Сәйкестікті бағалау. Менеджмент жүйелеріне аудит және сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар», ҚР СТ ISO/TS 22003-2017 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелері. Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджменті жүйелеріне аудит пен сертификаттау жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» және
ҚР СТ ISO 50003-2015 «Энергетикалық менеджмент жүйесі. Аудит және энергетикалық менеджмент жүйелеріне сәйкестендіру жүргізетін органдарға қойылатын талаптар» талаптарына сәйкес келесі аккредиттеу субъектісі аккредиттелсін:
Нұр-Сұлтан қ., ТОО «КазСерт» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган;
4. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес:
4.1 Келесі ұйымдардың сынақ зертханалары аккредиттелсін:
Рудный қ., «Спецтехцентр-2020» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Шымкент қ., «Эксперт Cert» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Орал қ., «Сектор» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
Екібастұз қ., «Промсервис - Отан» ЖШС-ң санитарлық-профилактикалық зертханасы;
4.2 Келесі ұйымдардың салыстырып тексеру зертханалары аккредиттелсін:
Рудный қ., «Спецтехцентр-2020» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Ақтөбе қ., «Энергосистема» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
Алматы қ., «Гелиос» ЖШС-ң салыстырып тексеру зертханасы;
5. Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
5.1 Келесі аккредиттеу субъектінің аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты:
Алматы облысы, «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-ң сынақ орталығы;
Тараз қ., «Казфосфат» ЖШС-ң Жамбыл филиалының (ЖЖФЗ) «Ауа қызметі» сынақ зертханасы;
Петропавл қ., «Стадия» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5.2 ҚР СТ ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Ақтау қ., «Казахстанское агентство экспертизы и сертификации «Союз Евразия» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
Алматы қ., «Центр сертификации «InterCert» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
Алматы қ., «Центр сертификации ISO KZ» ЖШС-ң менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
5.3 Келесі аккредиттеу субъектінің ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Алматы қ., «НУР-МАЙ ФАРМАЦИЯ» ЖШС-ң сапаны бақылау бөлімінің сынақ зертханасы;
5.4 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен-жайы өзгеруіне байланысты:
Атырау қ., «FlashConstructionDiagnostics / ФлэшКонстракшнДиагностикс» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
5.5 Келесі аккредиттеу субъектінің мекен-жайы өзгеруіне және
ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес стандартының жаңа нұсқасына көшуіне байланысты:
Атырау қ., Инженерный Центр «КранБурСервис-Атырау» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
6. «ҰАО» ЖШС-ң Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың жоғарыда айтылған 1, 2, 3 және 4 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектісімен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарттар жасасын.
7. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін, құжаттар жиынтығымен аккредиттеу аттестатары осы бұйрықта көрсетілген аккредиттеу субъектілеріне берілсін.
8. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

