Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабының 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. «ЭкоТехСтандарт» ЖШС менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың 28 ақпандағы № KZ.Q.01.0663 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
2. «Zertec» ЖШС сынақ зертханасының 2019 жылдың 13 мамырдағы № KZ.T.01.1472 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
3. «НАЗ-Стандарт» ЖШС сынақ зертханасының 2019 жылдың 03 мамырдағы № KZ.T.06.1443 аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылсын.
4. Мониторингтеу және талдау департаменті сәйкесінше ақпаратты Аккредиттелген субъектілер тізіліміне енгізсін және оны «Ұлттық аккредиттеу орталығы» веб-сайтына орналастырсын.
5. Құқықтық және әкімшілік жұмыс департаменті қабылданған шешім туралы осы бұйрықтың 1, 2, 3 тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауын Бас директордың орынбасары В.А. Томасевичке жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

