«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2022 жылғы 25 тамыздан 2022 жылғы 25 қарашаға дейін ұзартылсын:
1) «Ресей темір жолы» ААҚ Оңтүстік-Орал темір жолы - Петропавл бөлімінің филиалы Локомотив депосының салыстырып тексеру зертханасының № KZ.P.15.1927 аккредиттеу аттестаты;
2) Тараз қ., «КАЗФОСФАТ» ЖШС Жамбыл филиалының «Ауа қызметі» сынақ зертханасының № KZ.T.08.0166 аккредиттеу аттестаты;
3) Атырау қ., «Ескерт Қызмет Ратледж» ЖШС бұзбай бақылау сынақ зертханасының KZ.T.06.1925 аккредиттеу аттестаты;
4) Көкшетау қ., «Безопасность продукции» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.03.1924 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) мониторингілеу және талдау Департаменті сәйкес ақпаратты Мемлекеттік аккредиттелген субъектілер тізіліміне, «ҰАО» РМК веб-сайтына енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары Шоқбарбаев Н.Т. жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұйрық № 1112-ОД 24.08.2022 Аккредиттеу аттестаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

