Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22-баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссия отырысының 2026 жылғы 19 шілдедегі № 34 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Общие требования к компетентности испытательных и калибровочных лабораторий» (Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар) талаптарына сәйкес келесі ұйымдар аккредиттелсін:
1) Алматы қ., «Saykes Test» ЖШС-нің сынақ зертханасы;
2) Атырау облысы, Жылыой ауданы, Теңіз вахталық кенті; Атырау қ., «КАЗ-EN» (КАЗ-ЕН) ЖШС-нің сынақ зертханасы.
2. ГОСТ ISO/IEC 17065-2013 «Оценка соответствия. Требования к органам по сертификации продукции, процессов и услуг» (Сәйкестікті бағалау. Өнімдерді, процестерді және қызметтерді сертификаттайтын органдарға қойылатын талаптар) талаптарына сәйкес Алматы қ., «Өнімдер сапасын тексеру орталығы» ЖШС-нің өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы аккредиттелсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты:
1) Ақтөбе қ., «Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамының сынақ зертханасының 01.07.2024 жылғы № KZ.T.05.0339,
2) Абай обл., Курчатов қ., Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» ШЖҚ РМК-ның «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының «Радиоэкологиялық зерттеулер орталығы» сынақ орталығының 04.10.2022 жылғы № KZ.T.07.E1325 аккредиттеу аттестаттары қайта рәсімделсін.
4. ЕАЭО сәйкестікті бағалау органдарының бірыңғай тізімінің ұлттық бөлігіне келесі аккредиттелген субъектілер енгізілсін:
1) Алматы қ., «Өнімдер сапасын тексеру орталығы» ЖШС-нің өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органы;
2) Алматы қ., «Saykes Test» ЖШС-нің сынақ зертханасы;
3) Түркістан облысы, Кентау қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Кентау қалалық бөлімшесінің сынақ орталығы (09.07.2026 жылғы № KZ.T.19.3137 аккредиттеу аттестаты).
5. «ҰАО» РМК Құқықтық және кадрлық жұмыс басқармасы осы бұйрықтың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген аккредиттеу субъектілерімен аккредиттеуден кейінгі шарттар жасасын.
6. «ҰАО» РМК Мониторинг және талдау басқармасы Аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
7. «ҰАО» РМК Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты «ҰАО» РМК интернет-ресурсында орналастырсын.
8. Осы бұйрықтың 5-тармағының орындалуын бақылау аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа, 6 және 7-тармақтарының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
9. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

