Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Алматы филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының аккредиттеу саласының 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР және кабель өнімдерідің сәйкестіктігін растау бойынша бөлігі қайта жаңғыртудан бас тарту туралы
Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 4 тармағына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылдың 20 қырқүйектегі № 490-В хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қ., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ң Алматы филиалының өнімдердің және қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі органының 2019 жылдың шілде айының 01 күні берілген №1Қосымша / № КZ.О.01.0317 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын аккредиттеу саласының 004/2011 «Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» КО ТР және кабель өнімдерідің сәйкестіктігін растау бойынша бөлігі жаңғыртудан бас тартылсын.
2. «ҰАО» ЖШС-ң талдау және мониторинг Департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-ң веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-ң Бас директорының бірінші орынбасары Е.С. Мұхтарға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

