Қазақстан Республикасы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО») РМК аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі Комиссияның отырысының 2026 жылғы 19 шілдедегі № 33 хаттамасының 20-ші тармақшысының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
-
«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - «ҰАО» РМҚ) Бас директорының Бірінші орынбасарының «Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы» 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 1683-ОД бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) келесі өзгеріс енгізілсін:
бұйрықтың 1-тармақтың 5)-тармақшысы келесі редакцияда жазылсын:
«5) Шымкент қ., «Ғимарат-Құрылыс-1» ЖШС-нің мобильді (жылжымалы) бұзбай бақылау сынақ зертханасы;».
-
«ҰАО» РМК мониторинглеу және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілер тізіліміне тиісті ақпаратты еңгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ң цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

