Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМК) Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 24-О хаттамасы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
-
Өскемен қ., «ПромМетроСервис» ЖШС-нің салыстырып тексеру зертханасының 19.03.2025 жылғы № KZ.P.07.2846 аккредиттеу аттестатының қосымшасы болып табылатын «10-шы өлшем түрі» бойынша аккредиттеу саласының бөлігі уақытша жарамсыз деп танылсын.
-
«ҰАО» РМК-ның Мониторинг және талдау басқармасы аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне тиісті ақпаратты енгізсін.
-
«ҰАО» РМК-ның Цифрландыру бөлімі осы бұйрықты интернет-ресурста орналастырсын.
-
Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссияның хатшылығы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектісіне аккредиттеу саласының бір бөлігін уақытша жарамсыз деп тану туралы шешімнің көшірмесін жіберсін.
-
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау 2-3 тармақтар бойынша – өзіме қалдырамын, 4-тармақ бойынша – «ҰАО» РМК-ның аппарат басшысы А. Арыстанбаевқа жүктелсін.
-
Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

